Авиация саласындағы кірме терминдердің қазақ тіліндегі құрылымы мен мағынасы, қызметі және қолданылуы
Keywords:
авиация, терминология, халықаралық стандарттар, калькалау, транслитерациялау, біріздендіру, мемлекеттік тіл, кәсіби коммуникацияAbstract
Зерттеу барысында қазіргі қазақ тіліндегі авиация саласы терминдерінің басым бөлігі ағылшын және орыс тілдерінен енгендігі, оның ішінде орыс тілінен транслитерацияланған, калькаланған немесе халықаралық стандарттарға сай қабылданған терминдердің мол екендігі анықталды. Сондай-ақ бұл салада синтетикалық және аналитикалық тәсілдер арқылы, төл сөздеріміздің метафоралануы нәтижесінде лексика-грамматикалық тәсіл арқылы жасалған терминдердің де кездесетіндігі тілдік мысалдармен дәлелденді. Авиация саласындағы көптеген терминдердің қазақ тіліне әртүрлі нұсқаларда (аударылып та, транслитерацияланып та) қолданылуы, яғни терминологиялық бірізділіктің толық қалыптаспағандығы сауалнама тәсілі арқылы дәйектелді.
Мақалада қойылған мақсаттарға жету үшін салғастырмалы талдау, морфологиялық талдау, этимологиялық талдау, сауалнама әдісі, статистикалық әдіс қолданылды.
Зерттеу барысында алынған нәтижелердің қазақ тіліндегі авиация саласы терминологиясын дамыту, мемлекеттік тілдің авиация саласында қолданылу аясын кеңейту, авиация саласы мамандарына қазақ тілінде кәсіби білім берудің тиімділігін арттыру және т.б. ғылыми-практикалық маңызы жоғары деп саналады
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.