ШУ ЖӘНЕ ТАЛАС ӨЗЕНДЕРІ АЛАБЫ БОЙЫНША 2023 ЖЫЛҒЫ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Abstract
Жамбыл болысында 2023 күнтізбелік жылда вегетациялық кезең өте күрделі өтті. Қырғызстан аумағында су қоймаларына су аз жиналғандықтан Жамбыл облысында өте қауіпті жағдай туындады, Талас өзенінде – Байзақ, жартылай Талас аудандарының егістік алқаптары, Шу өзені бойынша – Қордай ауданының суармалы алқаптары сусыз қалды. Суармалы су жетіспеуі салдарынан және ауа-райының өте ыстық болуынан бұл аудандарда төтенше жағдай режимі енгізілді.
Кыргызгидромет алдын-ала болжамына сәйкес, 2023 жылдың вегетациялық кезеңге Шу және Талас өзендерінің сулылығы, шамамен нормадан 100-ден 120% шамасында болжанды.
Осы болжам негізінде 2023 жылдың вегетация кезеңіне графиктер құрастырылды, онда Шу өзені бойынша – 222,0 млн.м3 және Талас өзенімен -520,0 млн.м3 болжанған.
Сонымен қатар, ағып келетін су мен су қоймаларының толтырылуына вегетация кезеңінің басталуы алдында мониторинг жасау (Киров, Орто-Токой, Тасөткел су қоймалары бойынша), болжамның расталмағанын көрсетті. Қырғызстан су ресурстары Қызметі ақпараты бойынша бұл өзендердің сулылығы нормадан екі есе төмен екенін көрсетті.
2023 жылы Шу-Талас комиссиясы мәжілісін Алматы қаласында сәуір айында өткізу жоспарланған болатын, бірақ қырғыз жағы мерзімді белгілей алмаған соң, мәжіліс болмай қалды, сонымен 2023 жылға вегетация графиктері келісілмей, қол қойылмады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.