Ақмола облысы аумағында кездесетін картоп ауруларын жүйелендіру және алдын алу жолдары

Authors

  • А.К.Мухтаров Кафедра «Биотехнологии и микробиологии» факультета естественных наук Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева,Астана, Казахстан
  • Е.А.Аукенов Кафедра «Биотехнологии и микробиологии» факультета естественных наук Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева,Астана, Казахстан
  • Б.Б.Қамидолла Кафедра «Биотехнологии и микробиологии» факультета естественных наук Евразийского национального университета имени Л.Н.Гумилева,Астана, Казахстан

Keywords:

фузариоз, фенологиялық кезеңдер, микроконидиялар, иммунды ферменттік талдау, қоздырғыштар морфологиясы

Abstract

Барлық өсімдік дақылдарының 80% - саңырауқұлақ ауруларынан зардап шегеді.  Соның ішінде картоп шаруашылығында жоғары сапалы картоп сұрыптарын  алу өзекті мәлелелердің бірі болып отыр. Соған байланысты  жұмысымыздың зерттеу нысаны болған Ақмола облысының зақымдалған картоп үлгілерінен алынған саңырауқұлақ микроағзалары. 

Таза дақыл алу үшін бірнеше рет егу жұмыстарын жүргізген соң бір аптадан кейін өскен картоп микроағзалары қайтадан жаңа таза қоректік ортаға отырғызылды. Зақымдалған картоп дақылдарынан өскен микроорганизмдер қандай қоздырғыш түріне жататының анықталды.

Фузариоз — fusarіum туысына жататын  саңырауқұлақтар  тудыратын  өсімдік ауруы. Осы ауруға мәдени және жабайы өсімдіктер мен дақылдардың әр түрлі мүшелері шалдығады. Фузариоз қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді. Ол өсімдік тамырында саңырауқұлақ жіпшелері, хламидоспорасы түрінде сақталып, жапырақ пен сабаққа су және қоректік заттар тасымалданатын өткізгіш түтікшелерді бітейді, сол себепті өсімдік солып, қурап қалады. Фузариозды солуға мақтаның жіңішке талшықты Сұрыптары, орамжапырақ, картоп, дәнді бұршақ және асқабақ, т.б. шалдығады. Фузариоз шірімесі дәнді астық дақылдарын,  қауынқарбызқияр, қызанақты зақымдайды.

Культуралды – морфологиялық, тәжірибелік  зерттеулерге сүйеніп  нәтижесінде Чапека қоректік ортасында өсірілген қоздырғыштар Fusarium туысына жататын саңырауқұлақ деген тұжырымға келдік.  Соған байланысты әр Fusarium sp. үлгілерін сипаттай келе қай түріне жататыны сипатталды.

Published

2022-12-04

How to Cite

А.К.Мухтаров, Е.А.Аукенов, & Б.Б.Қамидолла. (2022). Ақмола облысы аумағында кездесетін картоп ауруларын жүйелендіру және алдын алу жолдары. Foundations and Trends in Research, (1). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/FTR/article/view/434

Issue

Section

Biological Sciences