ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ САНИТАРЛЫҚ МАМАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС КҮНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Abstract
Егемендік жылдары Қазақстан Республикасында жүйелі-функционалдық тәсіл негізінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметті басқаруды жетілдіру, басқаруды оңтайландырудың және мемлекеттік санитарлық қадағалаудың тиімділігін арттырудың негізгі нысандарының бірі ретінде басқару мен қаржыландыруды орталықтандыруды енгізу бойынша түбегейлі шаралар жүзеге асырылды. Саланы басқару құрылымында болған өзгерістердің ішінде бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыратын барлық деңгейдегі МСЭҚ аумақтық органдарын және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама (СЭС) және зертханалық зерттеулер жүргізетін ұйымның мемлекеттік орталықтарын ұйымдастырумен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетін (МСЭҚ) құруды атап өткен жөн.
Қазақстанда бұған дейін де санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өзекті мәселелері мен бағыттары бойынша зерттеулер жүргізілді және диссертациялар қорғалды, олардың қатарында ақпараттық қамтамасыз ету (Красников В.Н., 1999, құқықтық реттеу (Бисмильдин Ф.Б., 2001), шекараларды санитарлық қорғау (Оспанов К.С., 2006), қызметті реформалау (Байсеркин Б.С., 2009) сынды өзекті мәселелер қарастырылды.
Қызметтің сапасы мен тиімділігін арттырудағы жетекші рөл - денсаулық сақтау қызметкерлеріне тиесілі, барлық қайта құрулардың тиімділігі мамандардың білікті жұмысына байланысты. Бұл ретте, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жұмысын ұйымдастыруға және жұмыс уақытының ұзақтығы мен еңбек жағдайына қатысты зерттеулер мен жарияланымдар отандық медицина ғылымында өте жеткіліксіз.
Жоғарыда аталғандардың барлығы осы магистрлік жұмыстың тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.