ТАБЫСТЫ ТАНУ, ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕ КӨРСЕТУ (15 ХҚЕС (IFRS))
Abstract
Ұйымның қаржылық жағдайын бағалау кезінде таза пайдамен қатар кірістер қаржылық есептіліктің маңызды бөлігі болып табылады. Кәсіпкерлер мен фирмалардың табысы, тауарларды (қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен өндіру (шығындар) құны арасындағы айырмашылық есебінен қалыптасады [1]. Әдетте, таза пайда жиынтық кіріс туралы есептің маңызды бабы болып табылатындықтан, кірісті бағалай алмай оны анықтай алмаймыз.
Соңғы бірнеше жылдарда 15 ХҚЕС (IFRS) стандарты пайда болғаннан бастап, кірісті тану ережелері күрт өзгерді. Компаниялар осы стандартты толығымен енгізуге байланысты көптеген қиындықтар мен қосымша жұмыстарға тап болады. Сондықтан осы стандарттың негізгі ережелері мен принциптерін, қолдану аясын анықтау, табысты тану, есепте көрсету, есепке алу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып отыр.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.