ПЕДАГОГТАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ
Abstract
Ұстаз болу адамның эмоционалды жағына үлкен талаптар қояды. В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша ұстаздық бұл «жүректің және жүйке жүйенің жұмысы, ол әр сағат сайын әр күн сайын рухани күшті жұмсауды қажет ететін мамандық» деген екен.
Педагогикалық іс-әрекетегі кездесетін шиеленісті жағдайлар оларда стресстік бұзылыстар, студенттерге қатысты импульсивті әрекеттерді тудырады және енжарлық, өздерінің кәсіби жарамсыздығы сияқты жеке қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді.
Мұғалімнің психологиялық саулығы мәселесін қарастырғанда алдыңғы қатарға мотивация, одан кейін оқу деңгейі, жеке тұлғаның бағыттылығы, уақыт тұрады. Егер адам өз мамандығын кездейсоқ таңдамай, саналы түрде келсе және педагогикалық іс-әрекет оның алдыңғы қатардағы іс-әрекетіне айналса, онда оның кәсіби тәжірибесінің қалыптасуы кәсіби өзін-өзі дамыту түрінде жүзеге асады. Білім берудің қандай ең жетілген, дамыған жүйесі де мамандарды еш қиындықсыз, қайшылықсыз дамыта алмайды. Сондықтан мұғалімнің еңбек жолындағы алғашқы жылдар таңдаудың дұрыстығын тексеріп, жас маманның кәсіби шеберлігін шыңдай бастауға арналады. Өз еркімен педагогикалық іс- әрекетке араласуының алғашқы кезеңінде жас маман теориялық білімін әр түрлі жағдайларда қалай пайдалануды білмесе, өзінің сәтсіздіктерінің себептерін де түсіне алмайды. Бұған қоса оның бұл әдістерді пайдаланудан бас тартуы да және тәжірибелі мамандардан үйренуі де мүмкін.