ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ДІНИ-МИФТІК ҚОЛДАНЫСТЫҢ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАНУ ҚҰБЫЛЫСЫ
Abstract
Тәуелсіздік дәуіріндегі прозалық шығармалардың дені қазақ халқының отаршылдық кезеңдерде жоғалтқан ақтаңдақтарын қопара отырып, індете жазуға негізделеді. Соның бір парасы діни-наным сенімдер, имандылық, ар мәселесін қазақ қаламгерлері ұлттық құндылықтар шеңберінде, мифтік қолданыстарды жаңа заманға сай интерпретациялау арқылы терең қозғай отырып, дәстүрлі дүние танымдарды жеткізуге тырысты.
Қазақ халқының дәстүрлi дүниетаным құндылықтарында мифология, мифтік сананының орны айрықша екені мәлім. Дәстүрлi қоғам негiзiнен дәстүрлi құндылықтарға, салт-сана, ата-баба мұраларына негiзделгенiмен ерекшеленетiн әлеуметтiк орта болғандықтан [1,166], дәстүрлi дүниетанымда мифтiң орнының ерекшелiгi оның ұжымдық тәжiрибеге негiзделгенiнде және сол қоғамда қабылданған құндылықтар жүйесiн бейнелеп, белгiлi бiр қарым-қатынас жасау нормаларын қолдап отыратындығында. Мифология қоғамдық сананың түрi, қоғам дамуының ежелгi кезеңiне тән қоршаған ортаны тану әдiсi болғандықтан, дәстүрлi дүниетанымның бастау көзi болып табылады. ²Мифология (грек. mythos –аңыз және logos iлiм)- 1) адамдардың жаратылыс туралы түсiнiгiне негiзделген мифтердiң жиынтығы; 2) мифтердiң шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтiн ғылым² [2,528]. Дүниеге мифологиялық көзқарас бойынша ²Дүниенiң қалыпты жағдайы - қайдағы бiр абстракциялық ұғым емес, мифтiң өзiнде баяндалатын бiр кездегi құдайлардың, алыптардың, демиургтардың, iлкi қаһармандардың, ата-бабалардың жасап, жаратып кеткен жолы мен дәстүрi² [3,8]. Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік қолданыстардың көркемдік ерекшеліктері мен мән-мазмұнын қарастырғанда, мифке архаикалық қоғамның атрибуты, «қарабайыр сана» ретiнде емес, оның ежелгi қоғамның дүниеге көзқарасын бейнелейтiн өте құнды құрал, күрделi құбылыс, сол заманның шындығы түрiнде мойындай отырып, талдау жасалынбақшы.