ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА МАНИПУЛЯЦИЯЛАРЫ

Authors

  • Жулдыз Балмурзина Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық қатынастар кафедрасы, Саясаттану мамандығының магистранты
  • Макпал Анламасова Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық қатынастар кафедрасының доцент м.а., Ph.D

Abstract

Бұл мақалада Қазақстандағы сайлау процестерінде әлеуметтік медианың атқаратын рөлі мен оның саяси манипуляция құралы ретіндегі ерекшеліктері жан-жақты талданады. Зерттеу әлеуметтік желілердің электораттың мінез-құлқына ықпал ету тетіктерін, атап айтқанда таргеттелген жарнама, фейк жаңалықтар, эмоциялық контент, блогерлік насихат және алгоритмдік сүзгілер арқылы қоғамдық пікірді бағыттау тәсілдерін қарастырады. Эмпирикалық база ретінде 2019–2023 жылдар аралығындағы Қазақстандағы президенттік және парламенттік сайлаулардың тәжірибесі алынған. Нәтижесінде әлеуметтік медианың демократиялық коммуникацияны кеңейту әлеуетімен қатар, ақпараттық манипуляция мен фейк контенттің таралу қаупі артып отырғаны анықталды. Автор әлеуметтік медианың саяси процестерге әсерін төмендету үшін цифрлық сауаттылықты арттыру, онлайн насихатты құқықтық тұрғыда реттеу және фейк ақпаратқа қарсы тұрақты мониторинг жүйесін енгізу қажеттігін негіздейді

Published

2025-11-10

How to Cite

Жулдыз Балмурзина, & Макпал Анламасова. (2025). ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЙЛАУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА МАНИПУЛЯЦИЯЛАРЫ. European Research Materials, (11). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ERM/article/view/7063

Issue

Section

Political Studies