ЗОЛОКЕРАМИКАНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІ РЕНТГЕН ФЛУОРЕСЦЕНЦИЯ ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ
Keywords:
золокерамика, рентген сәулесі, өндірістік қалдықтар, рентген флуоресцентті әдіс, химиялық құрамы, элементтік талдауAbstract
Бұл мақалада золокерамиканың химиялық құрамын рентгендік флуоресцентті (РФ) әдісімен зерттеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеу нысаны ретінде золокерамика үлгісі таңдалып, бастапқы талдау РФ-экспресс зерттеу құрылғысы арқылы жүргізілді. Кейін үлгі механикалық өңдеуден өтіп, ұсақталған материал РЛП-21 рентгендік флуоресцентті энергия-дисперсиялық аспабында талданды. Өлшеу барысында алюминий (Al) мен кремнийді (Si) анықтау үшін кадмий (Cd) нысаны және басқа элементтер үшін теллур (Te) нысаны қолданылды. Алынған спектрлер үлгінің негізгі элементтік құрамын дәл анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері золокерамиканың сапасын бағалауда және өндірістік процестерін оңтайландыруда маңызды рөл атқарады
Published
How to Cite
Issue
Section
License
Copyright (c) 2025 European Research Materials

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.