Сараланған тапсырмалар арқылы оқушылардың ақпаратты өз бетінше түсіне отырып, сипаттай алу дағдысын қалыптастыру
Abstract
Оқушылар негізгі мектептің физика курсында оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйренулері тиіс. [1]
Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін оқу мақсатына сай ,оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып оқу процесін ұйымдасытру маңызды. Өзім сабақ беріп жүрген 9 С сыныпта бағалау нәтижелеріне және алынған кері байланысқа сүйеніп ақпаратты талдауда қиналатындықтарын анықтадым. Әсіресе физикалық эксперимент нәтижесін физикалық тұрғыда түсіндіре алмау, шамалар арасындағы байланысты тұрғыза пән ішінде өзара байланысқан тақырыптарды меңгеруде айқын көрінді. Оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қатыса отырып, осындай кедергілер ол сабақтарда бар екендігін анықтадым. Физика пәнің оқытуда «Сараланған тапсырмалар арқылы оқушылардың талдау дағдыларын дамыту» кәсіби мақсатыма сәйкес, әріптестеріммен туындаған кедергілерді талдап, lesson study «Сараланған тапсырмалар 9 С оқушыларының ақпаратты өз бетінше түсіне отырып, сипаттай алу дағдысын қалыптастыруға қалай әсер етеді?»-деген тақырыпқа тоқтадық. Олар қозғалыс түрлері және себептерін түсіндіре алулары қажет. Бұл тарауда оқушылар математикадан алған білімдері негізінде физикалық процестерге талдау жасайды. Сыныптағы оқушылардың қабілеттері мен қабылдаулары әртүрлі, олардың осы ерекшеліктерін ескере отырып сараланған тапсырмалар беру пәнге деген қызығушылығын оятып қана қоймай мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі деп есептеймін. Тапсырмалар бойынша саралау қалыптасатын дағдыға сай біртіндеп күрделенеді. Бұл оқушыға оқу мақсатына сатылай жетуге мүмкіндік берсе, мұғалімге оқушы мүмкіндігін ескере отырып қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. «Тербелмелі қозғалыс кезіндегі энергияның сақталу заңы» бойыша жоспарлаған сабақтың оқу мақсаты: Тербеліс кезіндегі энергияның сақталу заңын сипаттау. Осы сабақтан менің күтетін нәтижем оқушыларым күнделікті өмірде тербелмелі қозғалыс жасайтын денелердің энергиясының сақталуын сипаттай алатын болады.