ТАЛАС АЛАБЫ ӨЗЕНДЕРІНІҢ СУЫН ЕГІСТІККЕ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ

Authors

  • Жигитова Сауле «Қолданбалы экология» бағыты бойынша техника және технология магистры, аға оқытушы, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қазақстан

Abstract

Талас алабындағы өзендер желісінің пішіні алуан түрлі болып келеді. Тұрақты су ағатын арна, құрғап қалған арна, аллювиальді жазықтықтардың құрғақ арнасы, табиғи су ағысының кейін қалыптасқан арналары, бұл аймақтың жер бедерінің бейнесін сипаттайды [1,2].

Талас өзені және оның Қолба, Беш-Таш, Урмарал, Кумыштақ, Қара-Бура, Келкөл, Нілді салалары зерттеу аймағының негізгі су көздерінің бірі болып табылады.

Таулы елдердің гидрографиясының өзіндік ерекшелігі тау бөктерлерінде қарлардың және мұздықтардың жатуы болып табылады. Талас алабы да осыған тән қасиетке ие, мұндағы мұздықтардың ауданы 262 км2 құрайды.  Мұздықтар Талас өзенінің гидрологиялық сипатына әсері ерекше: жылдан жылға өзен ағындысы біркелкі, ағыстың мол кезеңі барынша  ұзақ,  ал мұздықтар өзеннің қоректену көзінің негізі бөлшегін құрайды. Таулар арасында орналасқан өңірде «қарасу» бұлақтары шығып жатыр, олардың ішінде Киров және Мыңбұлақ бұлақтары ең ірісі болып табылады.

            Талас алабының  су теңдестігін сипаттау үшін,  алдымен  екі гидрологиялық облысты ерекше атап өтуге болады, олар қалыптасу облысы және ағыстың таралу облысы. Ағынды қалыптасу облысының аймағына өзеннің таулы бөлігі жатады, бұл жерде ылғалданудың кіріс бөлігі оның шығыс бөлігінен басым, оның басты себебі мұндағы орналасқан  шаруашылық жүйесі өзен ағысына айтарлықтай белсенді әсер ете алмайды. Ағыстың таралу ауданы өзеннің жазық өңірде орналасқан, мұнда су қорының кіріс бөлігі шығыс бөлігіне қарағанда  ондаған есе аз.

Published

2024-06-02

How to Cite

Жигитова Сауле. (2024). ТАЛАС АЛАБЫ ӨЗЕНДЕРІНІҢ СУЫН ЕГІСТІККЕ ПАЙДАЛАНУДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ. European Research Materials, (6). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ERM/article/view/3783

Issue

Section

Technical Sciences