Өндірісте экстакциялық фосфор қышқылын алу үрдісі

Authors

  • Х.Р.Садиева т.ғ.к., доцент М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Н.Тұратбек М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері, Тараз қаласы
  • Г.Бейсен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері, Тараз қаласы

Abstract

Фосфор қышқылын алу тәсілі табиғи фосфатты күкірт қышқылымен ыдырауына негізделген. Ол төменгі реакция бойынша өтеді:

Са3Ғ(Р04) + 5H2S04 + пН2О=CaS04пН2О + ЗН3Р04+ НҒ

 Соңынан  сульфатты тұнбадан  бөлінген  сұйық фазаны экстракциялық фосфор қышқылы (ЭФҚ) деп атайды. Әлемде ЭФҚ өндірісі дигидратты тәсілмен қалыптасқан, себебі бұл әдіс қолдануда қарапайым және сенімді [1]

Табиғи фосфатпен концентрленген күкірт қышқылы араласып мүлдем ажырамайтын қою сұйықтықпен пайда болады. Пайда болған сұйықтықтың қозғалмалығын сақтау үшін сұйық және қатты фазалар ара қатынасын (С:Қ) 2:1 (3,5:1) аралықта ұстану қажет.

Төмендегі суретте фосфор қышкыл өндірісінде, қою сұйықтық ішкі айналуы арқылы секционда емес экстрактар қолдану жалпы көрсетілген. Жұмысшы көлемі 425м болатын цилиндрлі экстрактор, қышқылға төзімді кірпішпен қапталған, қою сұйықтықтың экстрактор ішінде интенсивті айналып жүруіне ыңғайлы қондырғымен жабдықтлған. Реакторға берілуге алдын 93% Н24 пен айналымды ерітінді (24% Р205) алдынала араластырғышта араласады. Пайда болған сұйықтықтың қажетті температурасын, жоғарғы қысымды вентиляция арқылы берілетін ауамен ұстап тұрады. Экстрактордағы кою сұйыктықты жүктеме сорғыштар арқылы дозаторға айдайды, ол жерде сіңгіш лоток арқылы соңынан айналып вакуум сүзгіге келіп түседі. Негізгі сүзінді - өнімді фосфор қышқылы 31-32% Р205 құрамды, аралық сүзінділердің құрамы 16 және 4-6% Р205 болады.

Published

2024-06-02

How to Cite

Х.Р.Садиева, Н.Тұратбек, & Г.Бейсен. (2024). Өндірісте экстакциялық фосфор қышқылын алу үрдісі. European Research Materials, (6). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ERM/article/view/3780

Issue

Section

Chemical Sciences