ТЕРІ ӨНДІРІСІНДЕГІ АҒЫНДЫ СУЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Authors

  • Сейтбекова Гульназия Аташбековна Техника ғылымының кандидаты, доцент
  • Бақтиярқызы Диана студент, «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ
  • Токмахамбет Ақназ Медетқызы студент, «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ
  • Шаихова Фатима Садуахасовна Жамбыл политехникалық жоғары колледжі (Тараз қ., Қазақстан)

Abstract

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі.

Экономикалық реформалар өнеркәсіптік дамуды жылдамдатады, бірақ сонымен бірге қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғау мәселелерін шиеленістіреді. Бұл мәселені шешу қазіргі таңда ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Өндіріс объектілері ішінде қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі өнеркәсіп өндірістері болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп салалардың ішінде тері және үлбір өндірісі суды көп тұтынушылар болып табылады.

Тері және үлбір өнеркәсібі халық тұтынатын өнімдер дайындау  үшін мал терісінен сапалы былғары мен үлбір бұйымдарын дайындайды. Тері және үлбірден жасалған бұйымдарға тұтынушылық сұраныстың артуы былғары және үлбір өнеркәсібінен өндірісті ұлғайтуды, тері және үлбір бұйымдарының сыртқы түрін және сапасын жақсартуды талап етеді.

Тері мен үлбірдің қасиеттері материалдың химиялық қасиеттеріне ғана емес, шикізат пен өнімге әсер ететін әртүрлі химиялық, физика-химиялық және механикалық үрдістерге де тәуелді болады.

Published

2024-06-02

How to Cite

Сейтбекова Гульназия Аташбековна, Бақтиярқызы Диана, Токмахамбет Ақназ Медетқызы, & Шаихова Фатима Садуахасовна. (2024). ТЕРІ ӨНДІРІСІНДЕГІ АҒЫНДЫ СУЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ . European Research Materials, (6). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ERM/article/view/3778

Issue

Section

Chemical Sciences