БЫЛҒАРЫ ӨНДІРІСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Abstract
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың перспективалық және қалыпты дамуы табиғи ресурстарды толық және тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Біздің елімізде бұл белгілі бір дәрежеде былғары және үлбір өнеркәсібінің даму деңгейімен анықталады.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы былғары өндірісі ескі дәстүрлі технологияның салдарынан және теріні илеу үдерісінде түзілетін қалдықтар қоршаған ортаны ластайтын өндірістік қалдықтардың негізгі көзі болып табылады.
Теріні өңдеудің технологиялық үдерістеріндегі бірнеше күрделі міндеттерді шешу қажет: былғарының сапасын жақсарту, оның сортын арттыру, шикізаттың, судың және химиялық заттардың шығынын, ағын сулардың ластануы мен мөлшерін азайту, қоршаған ортаны қорғау, энергия шығынын үнемдеу және т.б.
Былғары өнеркәсібінде өндірілетін өнімнің экономикалық тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы жаңа химиялық заттарды қолдану болып табылады.
Хромның (III) және хромның (VI) қосылыстары былғары мен үлбір өндірісінде қолданылады және олардан илегіш қоспалар дайындалады. Хром қосылыстарын пайдалану жоғары сапалы былғарыға қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал алынған былғары ұзақ уақыт сақталады. Хром қосылыстары қазір былғарының барлық түрлерін өңдеуде жеке немесе басқа илегіштік қосылыстармен және амин шайырларымен бірге қолданылады.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.