Орта ғасыр түркі жазба ескерткішіндегі мақал-мәтелдердің этнолигвистикалық мазмұны
Abstract
Түркі халықтарының ұлттық мәдениетінде, рухани өмірінде түрлі этникалық, шаруашылық тұрпаттардың (көшпелі, жартылай көшпелі, егінші, мал шаруашылығы және т.б.), діни ілімдердің (ислам, буддизм, бақсылық, православие) және өмір сүру жүйелерінің (этикет, білім беру, халық өнері және т.б.) бірлігі мен өзара байланысы шоғырланған. Түркі халықтарының ұлттық мәдениеті терең түрде синкреттік, полисемантикалық болып келеді және оның тұжырымдамасы көптеген, алуан түрлі дүниетанымдық, тілдік, философиялық, эмоционалды-экспрессивті, мән-мағынасы бар және өзгеде бірліктерден құралады. Түркі мәдениетінің негізгі парадигмаларын неғұрлым объективті ұғыну орасан зор кеңістікті, әр түрлі этникалық, уақыттық, жергілікті компоненттер мен дала өркениеті иелерінің дара болмысын сипаттайтын ерекшеліктерді қамтитын ұғымдар кешенімен байланысты.
Түркілердің шынайы өмірлік жағдайлар негізінде қалыптасып, этнос болмысымен, дүниетанымымен біте қайнасып кеткен паремиялардың тарихи даму үдерісінің ХІ-ХІІ ғасырлардағы қалып күйін көрсететін орта хасыр түркі мұралары «Диуани лұғат-ит түрк», «Құтадғу біліг», «Һибат-ул хақайиқ», «Диуани хикмет» ескерткіштері тіліндегі мақал-мәтелдердің сандық сипаттамасын жасау жалпытүркілік мақал-мәтелдер қорының хронологиялық-статистикалық ерекшеліктерін анықтаумен қатар тілдің көркемдік деңгейін, халықтың бейнелі ойлау жүйесінің даму үдерісін анықтауға да ықпал ететін маңызды мәселе.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.