Тіл педагогикасындағы прагматикалық құзыреттілікті дамыту
Abstract
Прагматикалық құзыреттілікті игеруге деген ұмтылыс тиімді қарым-қатынас жасауды және өздері таңдаған тілдің мәдени тереңдігін түсінуді мақсат еткен әркім үшін маңызды дүние. Бұл, әсіресе, қазақ тіліне терең бойлайтын студенттерге тілдің мәдени ықпалы мен жаһандық дәуірдің тынымсыз қарқынын түсінуге мүмкіндік бере алады. Мұндағы тақыраптың мақсаты–қазақтілін үйренушілер арасында прагматикалық дағдыларды шыңдау үшін қолданылатын динамикалық стратегияларға назар аудару, прагматикалық құзыреттіліктің лингвистикалық келіспеушіліктерді болдырмау және мәдениетаралық ықпалдастықты байытудағы маңызды рөлін ашып көрсету
Прагматикалық құзыреттілік грамматика мен лексиканы қарапайым меңгеруден асып түседі және тілді әртүрлі контексте қашан және қалай қолдану керектігін білдіреді. Қазақ тілін үйренушілер үшін бұл мәдени нәзіктік мәселелерге деген өткір сезімді дамытуды, дұрыс лингвистикалық құралдарды таңдауды және әртүрлі әлеуметтік ортада ақпараттарды қалай жеткізу және түсіндіру қабілеттерін қамтиды.
Зерттеу барысында қазақ тілін оқытудағы прагматикалық құзыреттілікті арттыру бағытталған соңғы зерттеулер мен оқыту әдістемелері бойынша талдау жасалады. Сондықиан, зерттеу оқытудың тиімді әдістемелерін талдай отырып, оқушылардың қазақ тілді ортада коммуникативтік талаптардың күрделілігін бағдарлауға жоғары дайындығын қамтамасыз етудің әртүрлі тәсілдерін саралайды.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.