Проблемалық оқыту технологиясының физика сабағында қолдану
Keywords:
проблемалық оқыту, проблемалық демонстрация, мәселені шешу, проблемалық сабақтың құрылымы, физика сабақтарында проблемалық оқыту, физика сабақтарындағы проблемалық жағдайлар, проблемалық оқыту әдістері, проблемалық оқыту нәтижелеріAbstract
Бұл мақалада «Физика сабақтарындағы проблемалық оқыту технологиясы» қалай жүзеге асатындығы және ерекшеліктері жазылған, проблемалық оқыту технологиясын оқу үдерісінде қолданудың тиімділігі сипатталады. Сонымен қатар, проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың қандай дағдыларын дамытуға ықпал ететіні көрсетілген. Проблемалық оқыту теориясының барлық негізгі ұғымдарының мазмұны, проблемалық оқытуды ұйымдастырудың дидактикалық және психологиялық негіздері ұсынылды және физиканы проблемалық оқытудың әдістемесі мен технологиясы сипатталды. Физикалық құбылыстар мен заңдарды оқытуда проблемалық оқытудың мүмкіндіктері көрсетілді. Физиканы проблемалық оқыту үдерісінде логиканы қалыптастыру заңдылықтарына негізделе отырып, оқушылардың физикалық ойлауын қалыптастыру тәсілдері ашылды. Физика сабағының әртүрлі кезеңдерінде проблемалық оқытуды қолдану мүмкіндіктеріне талдау жүргізілді. Әр түрлі тақырыптарды оқу үдерісінде проблемалық оқыту әдістерін қолдану орны, білім беру жағдайында физика сабақтарында проблемалық жағдайларды құру әдістері анықталды. Физика курсының әртүрлі бөлімдеріндегі физиканың проблемалық сабақтарының нақты әзірлемелері келтірілген. Проблемалық оқыту технологиясын қолдана отырып, сабақ өткізудің әдісі баяндалған.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.