ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КӘСІПШІЛІК ӨНДІРІСІ ТАРИХЫН ОҚЫТУ
Keywords:
Қазақ халқының кәсіпшілік өндірісі, тарих, оқу, тәрбие, білім, шаруашылық, мінез, оқу әдістемесіAbstract
Қазақ халқының кәсіпшілік өндірісі тарихын мектеп, орта білім, колледж, жоғарғы оқу орындары білім алушыларына тарих сабағында оқыту Мектепке тарих пәнін оқытуда басқа пәндердегі сияқты жалпы педагогикалық – психологиялық әдістер басшылыққа алынады. Дегенмен, тарих пәнінің мазмұнының ерекшелігіне және мақсат, міндеттеріне сәйкес өзіндік әдіс – тәсілдерді де қолданылады.
Информациялы - рецептивті (дайын рецеппен) -әдіс әңгіме, лекция, экскурция түрінде, оқулықтың, натуралды немесе жазбаша тарихи құжаттың, тарихи объектінің көшірмесі не суретінің көмегімен жүзеге асырылады. Түрлі жұмыс формалары мен құралдар: оқулық, құжат, сурет, әңгіме, лекция, экскурция барысында ұштастырыла пайданылады. Білімді хабарлау негізінен оқулық бойынша жүргізіледі. Мысалы: Тарихи деректерде келтірілген мәліметтер бойынша XIX ғ. аяғында өлкедегі шикізат өнімдеріне деген сұраныс жылдан-жылға артып, бұл өнімдерді ресейлік-ортаазиялық иеліктерден тысқары жерлерге ғана емес, тіпті Ресей империясынан тысқары жерлерге шығарған. Мысалы малдың өңделмеген терілері Берлин базарларына, ал қой ішектерін барлық Батыс Еуропа базарларына дерлік шығарған. Қазақстаннан шығарылған, оңтүстік қазақстандық мал шаруашылығы шикізатының үлес салмағы өте жоғары болды. Бастапқы өңдеуден өткен (жуылған) жүннің көп бөлігі Ресейге шығарылды, қалған болмашы бөлігі жергілікті тұтынушылардың қажеттіліктеріне қалды [1].
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.