МЕЛИОРАНТ РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН БИОКӨМІРДІҢ КҮҢГІРТ ҚАРА ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ АГРЕГАТТАРЫНЫҢ ТҮЙІРТПЕКТІЛІГІНІҢ СУҒА ТӨЗІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ
Keywords:
биокөмір, күңгірт қара қоңыр топырақ, микроагрегаттар, спринкелік суару, гумус, азот, фосфор, калийAbstract
Зерттеулердің көрсетуі бойынша тамшылатып суаруда биокөмір енгізілген нұсқада бақылау нұсқасымен салыстырғанда ылғал елеулі мөлшерде молырақ. Cпринклерлік суару жағдайында топыраққа биологиялық көмірді енгізу топырақта ылғалды сақтайды. Спринклерлік суару кезінде көлемдік массасының лессиваж үрдісі салдарынан көлемдік масса артады. Топырақты құрғақ күйде елеуіштен өткізген кезде >10 мм топырақ агрегаттары ең көп мөлшерді құрайды. Тәжірибенің барлық нұсқаларында макро және микроагрегаттарға қарағанда топырақтың мезагрегаттары көбірек.Биологиялық көмір енгізілген нұсқада спринклерлік суаруда топырақтың агрегаттық жағдайының құрылымдық коэффициенті жақсы. Гумустың мөлшері бойынша биологиялық көмір енгізілген нұсқа өзгешеленеді. Тәжірибе телімінің топырақтары азот қорегімен аз қамтамасыз етілген, калиймен қамтамасыз етілген.
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 International License.