ӘЙЕЛ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ НАМЫС ТАҚЫРЫБЫ (Ф. ОҢҒАРСЫНОВА ЛИРИКАСЫ МЫСАЛЫНДА)

Authors

  • Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы М. Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, ф.ғ.к., Орал, Қазақстан
  • Айдыналиева Эльвира Мұратқызы М. Өтемісов атындағы БҚУ 2-курс магистранты, Орал, Қазақстан

Abstract

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Ф. Оңғарсынова шығармашылығы әр уақытта да жыр сүйер қауымның, әдеби сынның оң назарында болып, жоғары бағаланып келеді.

Фариза лирикасы өзіндік сыр-сипатқа ие, тұрақты оқырманы бар, іздеушісі мен сұраушысы бар, өлең-жырдың жетік дәстүрін өн бойына жиған байсалды поэзия. Ақынның лирикалық кейіпкерлері жалпы қазаққа (оқырманға) жақсы таныс, күнделікті өмір тіршілігінің өтінде жүрген біздің замандастарымыз. Саналы ғұмыры, өнегелі өмірі өлеңге айналған ақын-лириктің жыр-сандығынан ақтарылар маржан ойлары образдылық тудыруда орасан мол байлыққа ие. Ойлы оқырманның көңіл төрінен өзіндік стилімен төл табиғатымызға тән мінез-құлық (сыршылдық, мұңшылдық, нәзіктік пен қайсарлық т.б.) әдебінің ажарын айқара ашып таныту – ақын поэзиясының нұрлы шамшырағы десе де болғандай. Мұқым жұрттың көкейіндегі келелі мәселелерді (проблемаларды десек те қате етпес) лирикалық образдың өн бойына жинақтап, өлең-жырдың жасампаздық құдіретіне әлеуметтік маңыз беру де ақындық мұраттың басты шарты болса керек. Фариза лирикасына тән тағылымдық процестердің параметрлік өлшемі өлең өлкесінің нақ төрінен құтты мекенін тапқан тереңдік пен биіктік атты бірліктің қосындысын құрайды. Тереңдік пен биіктік ұғымдарының асқар таудай асылы-ақыл мен парасат парқымен бағаланатынын ескерсек, ақын мұрасының қаншалықты және қандайлықты қасиетке ие болғандығына көз жүгірткеннің артықтығы жоқ. Көз жүгіртіп қою аз, нақтысы ақынның қаламгерлік, суреткерлік болмысы мен бітіміне барынша тереңдеп бару арқылы барлау жасауға болады.

Published

2023-04-09

How to Cite

Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы, & Айдыналиева Эльвира Мұратқызы. (2023). ӘЙЕЛ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ НАМЫС ТАҚЫРЫБЫ (Ф. ОҢҒАРСЫНОВА ЛИРИКАСЫ МЫСАЛЫНДА). European Research Materials, (2). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ERM/article/view/1213

Issue

Section

Philological Sciences