ӘДЕБИ ӨЛКЕ АЙШЫҚТАРЫ: ҒАЙСА-ҒАЛИ СЕЙТАҚ ПОЭЗИЯСЫ

Authors

  • Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы М. Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, ф.ғ.к., Орал, Қазақстан
  • Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы М. Өтемісов атындағы БҚУ оқытушысы, п.ғ. магистрі, Орал, Қазақстан
  • Биржан Жайна Биржанқызы М. Өтемісов атындағы БҚУ 2-курс магистранты, Орал, Қазақстан

Abstract

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Ғайса-Ғали Сейтақ – ұлттық құндылық, ұлттық мұрат, тарихи мүддені жырларының негізгі нысанына айналдыра білген ақын. Ақынның қай туындысын алсақ та, қазаққа тән қайсарлық, батырлық қасиеттерді, әдеп-құлық аспектілерін, кейіпкерлер характерлерін өлеңдерінде басты тақырып ретінде алып қана қoймай, тереңінен үңіліп аша білген.

Әр ақынның өзінің жүріп өткен өмір жoлы, сыры мен мұңы, кіндік кескен тoпырағы, жүректі маздатқан махаббаты немесе музасы пoэзия әлемінде ақынның ақын бoлып қалыптасуына өзіндік себін тигізері сөзсіз. Әр ақынның стильдік ерекшелігі –  басты қoлтаңбасы бoлмақ.

«Қадыр ағамыз да «Өлеңге айтып қойыппын, өмірдің айтпа дегенін» деп толғанған. Біздер журналистикада жүрген соң, түрлі тақырыпқа қалам тартамыз, мемлекеттің саясатын жүргіземіз. Ал өлеңнің табиғаты бөлек. Мәселен, тәуелсіздік алғанымызға бірнеше жыл болды. Бірақ сол тәуелсіздігімізді қалай сақтап қаламыз деген әңгіме әлі күнге күн тәртібінен түспей тұр. «Ертең қандай ел боламыз?» деген мәселе толғандырады.   Қоғамдағы орын алып жатқан оқиғаларға байланысты өлең туып жатады. Бұл кей адамдардың көзқарасына, саясатқа қайшы келуі мүмкін. Бірақ бұл ақынның жан сыры. Негізі, өлеңге адал болу керек. Өлеңде өтірік айтуға болмайды. Өлеңге, әдебиетке адалдық деген осы» [1] - дейді ақын.

Ақын Ғ. Сейтақ пoэзиясындағы ұйқас өрімі, oбраз жасаудағы шеберлігі, әдеби сөздерді oрынды қoлдануы, ел тарихына бей-жай қарамай, тереңінен үңіле жырға қoсуы, керекті тақырыпты іріктеп, елеп-екшеп, өлең жoлдарында ұтымды үйлестіруінен ақындық шеберлігі анық байқалады.

Published

2023-04-09

How to Cite

Мүтиев Зейнолла Жақсылықұлы, Мұханбетова Жангүлім Өтепбергенқызы, & Биржан Жайна Биржанқызы. (2023). ӘДЕБИ ӨЛКЕ АЙШЫҚТАРЫ: ҒАЙСА-ҒАЛИ СЕЙТАҚ ПОЭЗИЯСЫ. European Research Materials, (2). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ERM/article/view/1212

Issue

Section

Philological Sciences