Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысындағы орны мен тұлға қалыптасуындағы рөлі

Authors

  • Шербаева Бибинур Байжигит Қизи Әдіскер, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы

Abstract

Әр мемлекеттің интелектуалды, экономикалық, әлеуметтік, және рухани-мәдени әлеуеті, оның инновациялық қызметінің өркендеуі, қоғамның жас ұрпаққа  тәлім-тәрбие беру жәй-күйіне, оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда ұрпақ тәрбиесі оны ұйымдастырумен айналысатын құрылымдардың қызметін жаңа үлгіде ұйымдастыру қарқын алуда. Сайып келгенде дамудағы нарықтық қатынастағы араласуға дайын болашақтың адамдарын тұлғалық, интеллектуалдық, кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті етіп даярлап шығару мемлекеттің басты саясатына айналды. Нарық экономикасының талабына сай өркениетті қоғамның еректі, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзаттық құндылықтарды бағалай білетін, білімді, мәдениеті жоғары, жан-жақты жарасымды, тұлғалық болмысын іс-әрекет процесінде көрсететін қасиеттері қалыптасқан, жаңаша ойлау қабілеті дамыған, дені сау тұлғаны тәрбиелеу Қазақстан республикасы тәрбие институттарының басты міндеті болып отыр.

Жоғарыдағы мақсатты міндеттердің орындалуында қосымша білім беру ұйымдарының орны ерекше бөлек. Жалпы тәрбиенің жүйесі ретінде қосымша білім беру ұйымдары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігімен ерекшеленеді. Әрбір жеке адамның тұлғалық дамуын қалау, дамыту міндеттерін жүзеге асыру мақсатында үздіксіз білім берудің қосымша дамыту бағдарламасында қосымша білім беру ұйымдарының орны мен рөлі жаңа талаптарға сай белгіленеді. Қосымша білім беру ұйымдары білім және тәрбие берудегі педагогикалық процестің үздіксіз жүйесінің ажырағысыз бөлігіне  айналды. Кез келген тәлім-тәрбие жүйесі мемлекеттің, жеке адамдардың, әлеуметтік-рухани қажеттілігін іске асыру үшін құрылатыны сияқты, қосымша білім беру ұйымдары да қазіргі тәлім-тәрбие берудің  зәру мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл процесс, бір жағынан, балалар  мен ата-аналардың тәрбиелік талабына бағытталған, екінші жағынан, қосымша білім беру ұйымдарының өзінің педагогикалық потенциалын толығырақ іске асыруға ұмтылудан туындап отыр. Осыған байланысты мектептен тыс мекемелердің мәртебесі, олардың жұмыс формалары мен мазмұнын жаңарту процесі жүруде. Елдегі терең демократиялық жаңғырулар, оның әлеуметтік-экономикалық құрылымын қайта құру, әлем қоғамдастығындағы тәлім-тәрбие беру процесінің даму тенденциясы, халықтардың гүлденуі мен қоғамның дамуындағы өзгерістер тәлім-тәрбие берудің стратегиялық мәнділігін растап отыр.

Published

2023-04-09

How to Cite

Шербаева Бибинур Байжигит Қизи. (2023). Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысындағы орны мен тұлға қалыптасуындағы рөлі. European Research Materials, (2). Retrieved from https://ojs.scipub.de/index.php/ERM/article/view/1166

Issue

Section

Pedagogical Sciences